Түркия - Өзбекстанда ең көп фирма құрған үшінші ел

Өзбекстанда Түркияның 1306 фирмасы жұмыс істейді.

1361715
Түркия - Өзбекстанда ең көп фирма құрған үшінші ел

Түркия Өзбекстанда ең көп фирма құрған үшінші ел болды.

Өзбекстан Мемлекеттік Статистика комитетінің хабарламасында,  елде қызмет көрсететін шетел капиталды кәсіпорындар жөнінде мәлімет берілді.

Елде шетелдік капиталмен құрылған барлығы 10 мың 604 фирма қызмет атқарады.  Олардың арасында 1306 фирмамен Түркия Ресей және Қытайдан кейін үшінші орында.

Хабарламаға қарағанда,  Өзбекстанда орыс капиталды 1864, Қытай капиталды 1690, түрік капиталды 1306, қазақ капиталды 827, жапон капиталды 824 фирма жұмыс істейді. Басқа елдердің де 4 мың 93 фирмасы бар.

Өзбекстанда құрылған шетел капиталды фирмалардың көбі өнеркәсіп,  сауда және құрылыс салаларында жұмыс істейді.  Өнеркәсіп саласында 3758, саудада 2645, құрылыс саласында 824, егіншілік, балық және орман шаруашылығында 591, қызмет саласында 472,  транспорт және логистика саласында 284, информация және коммуникация саласында 274, медицина және әлеуметтік салада 148 фирма қызмет көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар