Түркістанға келушілер санын 5 миллионға жеткізу жоспарлануда

Түркістанға келуші турист саны жылдан жылға өсуде.

1360389
Түркістанға келушілер санын 5 миллионға жеткізу жоспарлануда

Қазақстан құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан сауда орталықтары, әлеуметтік-мәдени жайлары және жаңа мейманханаларымен Түркістан қаласын бүкіләлемдік туризмнің орталығына айналдырғысы келеді.

Облыстың атауымен бірдей бас қала Түркістан Қазақстанның оңтүстігінде Өзбекстанмен шекаралас.

Тарихы шамамен 1 мың 500 жылдық қалада 46 ұлт өкілінен 260 мыңнан астам адам өмір сүруде.

Қала орталық ретінде жарияланған 2018 жылы туризм және экономикалық тұрғыдан тез өсе бастады.

Түркі әлемінің рухани басшысы Қожа Ахмед Яссауидің кесенесіне қоса көптеген қасиетті және тарихы құрылысқа қонақжайлық жасайтын Түркістан бұл ерекшелігімен де мәдени туризм саласының маңызды бағыттарының бірі болып қабылданады.

Түркістанды жылына шамамен 1 миллион турист аралайды. 2025 жылға дейін бұл санды 5 миллионға жеткізу нысанаға алынып отыр.

Түркістан сондай-ақ Түркі әлемінің ғалымдары мен өнерпаздары бас қосқан ғылыми және мәдени іс-шараларға қонақжайлық жасауда.

Бұрынғы Жібек жолы бағытында орын алған қаладан өткен халықаралық темір жолы мен трассалары Түркістанның стратегиялық маңызын арттыруда.



Ұқсас жаңалықтар