Мирзиеев 2020 жылдың мақсаттарын айқындады

2020 жыл «Ғылым, білім беру және сандық экономиканы жетілдіру жылы» деп жарияланды.

1346909
Мирзиеев 2020 жылдың мақсаттарын айқындады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Демократиялық реформалар жолы – біз үшін жалғыз және тура жол. Халқымызбен бірге жаңа Өзбекстан құру секілді ірі мақсат қойдық» деді.

Мирзиеев өткен ай болған сайлаудан кейін жаңа қалыптастырылған парламент мүшелеріне 2019 әлеуметтік-экономикалқ даму нәтижелері және 2020 даму нысаналары жөнінде сөз сөйледі. Президент «Белсенді инвестиция және әлеуметтік даму жылы» деп жарияланған 2019 жылы 4,2 миллиард долларлық тікелей шетелдік инвестиция жасалғанын айтты.

Мирзиеев өткен жылы ел экономикасының 5,6 пайыз өскенін,  өнеркәсіп саласының 6,6, экспорт көлемінің 28 пайыз артқанын еске салды.  Ол Өзбекстанның алтын-валюта резервінің де 2,2 миллиард артып, 28,6 миллиард долларға жеткенін білдірді.

Президент 86 елмен визасыз, 57 елмен жеңілдетілген виза режимі нәтижесінде былтын 6,7 миллион шетелдік турист келгенін білдірді.

Биыл елге 7,5 миллион турист келеді деп жоспарланды.

Мирзиеев 2020 жылды «ғылым, білім беру және сандық экономиканы жетілдіру жылы» деп жариялап,  биыл елде 23 миллиард долларлық инвестиция қолданылатынын және 206 жаға кәсіпорынның іске қосылатынын атап көрсетті.

Ол сыртқы саясатта Орталық Азиядағы көрші елдермен достық,  көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарының жоғары деңгейге көтерілуі,  Ресей, Қытай, Жапония,  Оңтүстік Корея, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Еуропа Одағы және Азия елдерімен қарым-қатынастың жетілдірілуі үшін жұмыстанатындарын білдірді.

Ол Түрік Кеңесі секілді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтарды жылдамдататындарын да білдірді.

Президент Мирзиеев 2021-2023 жылдары Өзбекстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары кеңесіне мүше болуы үшін де жұмыстанатындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар