Ташкентте құрылысы жалғасқан метро туннелі қирады

Үйінділер арасынан 5 жұмысшының мәйіті табылды.

1326196
Ташкентте құрылысы жалғасқан метро туннелі қирады

Өзбекістанның бас қаласы Ташкентте метро құрылысында болған апатта 5 адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда бас қаланың Юнусабад аумағында құрылыс жұмыстары жалғасқан метрода нөсер жауын салдарынан туннель шөкті.

Іздеу құтқару топтары жүргізген жұмыстар нәтижесінде үйінділер арасынан 5 жұмысшының мәйіті табылды.

Жер астында қалған басқа жұмысшыларды құтқарумен байланысты іздеу құтқару жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.

Оқиғаны тергеу үшін вице-премьер және Қатынас министрі Ачылбай Раматов басшылығында бір комиссия құрылды



Ұқсас жаңалықтар