«Жауынгерлік достастық - 2019» оқу-жаттығуы басталды

Жаттығу «Сарышаған» және Ресейде «Ашулық» әскери полигондарында өтеді.

kazakistan tatbikat.jpg
tatbikat kazakistan.jpg

Қазақстанда әуе қорғаныс және авиация жүйелері қолданылған «Жауынгерлік достастық - 2019» оқу-жаттығуы басталды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жасақтары қатысатын жаттығу «Сарышаған» және Ресейде «Ашулық» әскери полигондарында өтеді.

Аталмыш үш елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептеулері зениттік зымыран кешендерінің түрлі үлгілерінен тәжірибелік атыстарды орындайды. Сондай-ақ Авиация басқарылатын және басқарылмайтын авиациялық зымырандар мен бомбаларды, авиациялық зақымдау құралдарын жауынгерлік мақсатта қолдана отырып, күндізгі және түнгі уақытта ұшу қимылдарын жүргізеді.



Ұқсас жаңалықтар