Нұр-Сұлтандағы жиналыс аяқталды

Тараптар қорытынды декларацияда келісу үшін екі жақты және үштік жиналыстар ұйымдастырды.

1246914
Нұр-Сұлтандағы жиналыс аяқталды

Түркия,  Ресей және Иран 13-ші Кепілгер елдер жиналысында Идлиб аймағында азаматтық шығындардың алдын алу және кепілгерлердің әскери қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамдау мақсатымен нақты шара қолдану тақырыбында келісті.

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен жиналыстың екінші күнінде тараптар қорытынды декларацияда келісу үшін екі жақты және үштік жиналыстар ұйымдастырды.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Васильенко Түркия,  Ресей, Иран, Асад әкімшілігі және оппозиция делегациясы бас қосқан отырыста қорытынды декларацияны оқыды.

Декларацияда тараптардың Сирияның территория тұтастығы,  тәуелсіздігі және егемендігін мойындайтындары атап көрсетіліп,  елде ДАИШ, Нусра майданы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің террор тізіміндегі кісілермен күрестің жалғасатыны айтылды.

Осы аяда Голан төбелерінің басқыншылығына қарсы шыққан тараптар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің нөмірі 497-ші резолюциясы секілді осы тақырыпқа қатысы бар барлық халықаралық шешімдерге құрмет көрсетілуі керектігін атап көрсетті.

Декларацияда Сирияның солтүстік шығысындағы жағдайға да тоқталды.  Аймақтағы қауіпсіздік және тұрақтылықтың тек Сирияның егемендігі және территория тұтастығына құрмет көрсету арқылы ғана қамдалатыны баса айтылды.

Декларацияда сондай-ақ халықаралық қоғамға, әсіресе БҰҰ-на Сирияға көмекті арттыру үшін шақыру жасалды.

Келесі жиналыстың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетіні жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар