13-Астана процесі 1-2 тамыз күндері Қазақстанның елордасында жүзеге асады

Астана процесіне Ирак алғаш рет бақылаушы ел ретінде қатысады.

1242439
13-Астана процесі 1-2 тамыз күндері Қазақстанның елордасында жүзеге асады

Сирия келіссөздері аясында 13-Астана процесі 1-2 тамыз күндерінде Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асады.

Жиналысқа кепілгер елдер Түркия, Иран және Ресейге қоса Сирия режимі мен қарулы оппозициялық топтардың өкілдері қатысады. БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың өкілдері бақылаушы ретінде орын алады. Ирак осылайша Астана процесі келіссөздеріне алғаш рет қатыспақ.

Жиналыста Сириядағы соңғы жағдай Идлибпен байланысты жаңалықтар, қақтығысқан тараптар арасында сенім арттыратын шаралар мен Атазаң комиссиясын құру тақырыптары қолға алынады.

12-Астана келіссөздері 25-26 сәуір күндері тағы Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында болып өткен еді.



Ұқсас жаңалықтар