Сириялық оппозиционерлер Түрікмен тауға операция жасады

Сирияда әскери оппозициялық топтар Байырбуджак (Түрікмен тау) аймағына оперция жасады.

1232832
Сириялық оппозиционерлер Түрікмен тауға операция жасады

Сирияда әскери оппозициялық топтар Идлибте дағдарысты азайту аймағы шекарасындағы Байырбуджак (Түрікмен тауы) аймағына оперция жасады.

Асад режимінің бақылауындағы стратегиялық төбелер кері қайтарылды. Шабуылдарда көптеген режим әскерінің өлтірілгені білдірілді.

Стратегиялық Бурч әл-Захиййе төбесіне қоса тағы 15 шағын төбе мен режимге тиесілі бекіністер қайтарылған операцияда режимге тиесілі 2 танк жойылды.

Операцияның артынан режим жасақтары Түрікмен тауына зеңбірек шабуылы бастады.

Асад режимі 2015 жылдың соңында Ресейдің әуе қолдауымен Лазкийе қаласы ауылдық аймағындағы Түрікмен таудың 85 пайызын бақылауға алған болатын.

Аймақтағы 20 мыңға жуық түрікмен мен араб Түркияны паналаған еді.

Түрікмен тауында оппозицияның бақылауында Чүмерен, Келез, Исапынары, Саллур, Ямады, Караманлы ауылдарына қоса Зейтинджик, Чиптороз, Калаба фермалары орын алады.



Ұқсас жаңалықтар