Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған "Көшпенділер әлемі" фестивалі аяқталды

Тарихтағы көшпенділер өмірін бейнелеуді мақсат еткен фестиваль 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

1227578
Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған "Көшпенділер әлемі" фестивалі аяқталды

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған "Көшпенділер әлемі" атты Халықаралық этникалық-мәдени фестиваль аяқталды.

Қазанат Ипподрумда ұйымдастырылған фестивальге Әзірбайжан, Түркия, Иран, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Қазақстан және Өзбектан елдері өз өкілін жіберді. 

Фестивальдің екінші және соңғы күні оқ ату, күрес және басқа да дәстүрлі спорт жарыстары өтті. Қолөнер, тері, күміс зергерлігімен басқа үлгілер көрсетілді.

Фестиваль тамашалаған халық алуан түрлі дәстүрлі ойындарды ойнады, балалар қуыршақ театрын тамашалап мәз болды. 

Түркияға өкілдік еткен "Армия тарихи жандандыру тобы" фестивальдің екінші күні тарихи көріністерді сомдады. 

Топтың басшысы Ибрахим Келеш мәлімдемесінде тарихи көріністерді көрермендердің қызыға тамашалағанын айтып:

"Күллі әлемге Османлы мәдениетін, аталарымызды көрсету орайын таптық. Қазақстанға бізді күтіп алғаны үшін алғыс айтамыз" деді. 

Тарихтағы көшпенділер өмірін бейнелеуді мақсат еткен фестиваль 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

 



Ұқсас жаңалықтар