Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді

Жаңа президенттің ұлықтау рәсімі болды.

1217126
Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді

Қазақстанда өткен президенттік сайлауда жеңіп шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді.

9 маусым күні өткен мерзімнен бұрынғы сайлаудың жеңімпазы – Тоқаевтың Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, кабинет мүшелері, депутаттар, Қазақстанда міндет атқаратын шетелдердің өкілетті елшілері және көптеген қонақ қатысты.

Тоқаев елге адал қызмет ететініне, заңдарға бағынатынына,  азаматтардың құқық пен еркіндіктерін кепілге алатынына ант берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды көздегенін білдірді.  «Тек осылай ғана ұлттың бірлігін, елдегі тұрақтылықты сақтап қалуға болады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар