Түркия мен Өзбекстан арасында тауар айналымы артты

Түркия Өзбекстанның саудадағы бесінші үлкен серігі болды.

Түркия мен Өзбекстан арасында тауар айналымы артты

Түркия мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы жылдың алғашқы төрт айында 26,1 пайыз артты. Айналым 730,6 миллион долларға жетіп,  Түркия Өзбекстанның саудадағы бесінші үлкен серігі болды.

Өзбекстан Мемлекеттік Статистика комитетінің хабарламасына қарағанда,  Түркияның Өзбекстан сыртқы саудасындағы үлесі 5,8 пайыз.

Түркия биылдың алғашқы төрт айында Қытай, Ресей, Қазақстан және Оңтүстік Кореядан кейін Өзбекстанның бесінші үлкен сауда ортағы болды.

Екі ел арасындағы тауар айналымы осы мерзімде 26,1 пайыз артып,  730,6 миллион долларға жетті.  Аталмыш кезеңде Өзбекстанның Түркияға экспорты 347,1 миллион доллар,  Түркиядан импорты 383,5 миллион доллар болды.

Екі ел арасындағы сауда көлемі өткен жылы 39,9 пайыз артып, 2 миллиард 171,8 миллион доллар болған еді.



Ұқсас жаңалықтар