Қазақстанда Имамеддин Нәсими жылы ашылды

Имадеддин Нәсимидің қазақ тіліндегі «Өлеңдер» жинағы жарыққа шықты.

1191814
Қазақстанда Имамеддин Нәсими жылы ашылды

Халықаралық Түркі Академиясы ІV Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде түркі әлеміне ортақ тұлға Имадеддин Нәсимидің қазақ тіліндегі «Өлеңдер» жинағы, сонымен бірге «Әзірбайжан әдебиетінің антологиясы» атты кітаптардың тұсаукесерін өткізді. Осы тұсаукесер рәсімі арқылы Академия Қазақстанда Имамеддин Нәсими жылын ресми түрде ашты.

 Іс-шараға Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов, Әзірбайжан Парламентінің депутаты Мұса Гулиев, Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, филология ғылымының докторы, Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры Амантай Шәріп және Әзірбайжан Ұлттық Ғылым академиясының өкілі Закулла Байрамлы қатысты.

   Тұсаукесерде сөз алған Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов: «12-ғасырда Имамеддин Нәсимимен қатар ұлы Низами сияқты көптеген шайырлар болған. Бірақ Нәсимидің ерекшелігі -  ол көне түрікше, әзірбайжан тілінде жазған. Ол өз шығармашылығы арқылы тілімізді де байытты. Нәсими түркі дүниесіне ортақ тұлға. Осы кітапты басып шығарған Түркі Академиясына өз алғысымызды білдіреміз» - деді.

   Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі: «Имамеддин Нәсими - сопылық әдебиеттің ірі өкілі. Ол Халладж Мансур, Қожа Ахмет Яссауи сияқты Тәңірлік түсінікті жырлаған. Соны халықтың тілінде жырлаған, түркі тілінің дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ақын. Әмір Темірдің кезінде өмір сүрген» - деп түркі әлеміндегі рух және дәстүр сабақтастығы туралы әңгімелеп берді.      

Іс-шара аяғында Имамеддин Нәсимидің өлеңдері әзірбайжан және қазақ тілдерінде оқылды.



Ұқсас жаңалықтар