ЕП Қытайды ұйғыр, қазақ және тибеттіктерге байланысты ескертті

БҰҰ лауазымдыларының тікелей мәлімет алу мақсатымен аймақта еркін зерттеу жүргізу талабын Қытай ұйымдары қабылдамай отыр.

1186169
ЕП Қытайды ұйғыр, қазақ және тибеттіктерге байланысты ескертті

Еуропа Парламенті Қытайға ұйғыр, қазақ және тибеттіктерді заңсыз тұтқындау әрекеттерін доғаруға және барлық лагерьлерді жабуға шақыру тастады.

Францияның Стразбург қаласында бас қосқан Еуропа Парламенті Жалпы Кеңесінің Қытайды өздеріне бағытталған жазғыру, соттау және үкім шығару шешімі болмағанына қарамай, ұйғыр, қазақ және тибет ұлттарына бағытталған заңсыз тұтқындау әрекеттерін тоқтатуға шақырған шешімі  18-ге қарсы 505 дауыспен қабылданды.

Дауыс беруде 47 адам қалыс қалды.

Шешімде ұйғыр, қазақ және тибет ұлттарына жасалған қысымға деген алаңдау сезімі жеткізілді.

Осы адамдардың жағдайының нашарлай бастағаны және негізгі құқықтарының шектелгені дәріптелген шешімде Шынжаң Ұйғыр автономиялық аймағындағы лагерьлердің Қытайдың басқа аймақтарына таралуына байланысты мәліметтерден алаңдап отырғандары білдіріліп, Қытайдан барлық лагерьлерді жабу сұралды.

Әлемде көптеген үкімет, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғамдар Қытайдың ұйғыр түріктеріне жасаған қысымына наразылық көрсетуде.

Еуропа Одағы Қытаймен шілде айында астана Пекинде өткізген Адам Құқығы диалог жиналысынан кейін адам құқығы қорғаушылары діни сеніміне орай зұлымдық көріп жатқан кісілер және ой-пікір еркіндігі мен негізгі құқықтарға қайшылық жасалып тұтқындалған тибеттіктер, қазақ және ұйғырлардың босатылуын сұраған болатын. 

АҚШ Конгресінде қаралып жатқан бір заң жобасында да бір миллионнан астам ұйғырдың адам құқығынан мақұрым қалуына орай, Американ әкімшілігінің Қытайға эмбарго жүргізуі талап етілген.

Қытай халықаралық қоғамда "жинау лагері" аталған жерлерді "кәсіптік білім беру орталығы" деп атап, осындағы адамдарды "ұшқары ой-пікірлерінен тазартып, қоғамға қайтаруды" нысанаға алғандарын айтып келеді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық қоғамның лагерьлерді зерттеу талабына Қытай тек өздері белгілеген бірнеше лагерьге аздаған дипломаттың кіруіне рұқсат  берді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы лауазымдыларының тікелей мәлімет алу мақсатымен аймақта еркін зерттеу жүргізу талабын Қытай ұйымдары қабылдамай отыр. 

 



Ұқсас жаңалықтар