"Түрік әлемі" кітабының 5 томдығы жарияланды

Кітап түрік әлемінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашып береді.

1078113
"Түрік әлемі" кітабының 5 томдығы жарияланды

Әзірбайжан Республикасы Ұлттық мәжілісінің мүшесі,  философия ғылымдарының кандидаты Жаваншир Фейзиевтің «Түрік әлемі» кітабының бес томдығы жарыққа шықты.

Кітаптар түрік әлемінің барлық шындығын, толық айтқанда түрік әлемінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашып береді.

Бес томдықтың бірінші кітабында түрік өркениетінің тарихи үрдісі, құндылықтары,  түркі тілдері, жалпы түрік тарихы мен мәдениеті,  саясаты мен дипломатиясы баяндалған.  Екінші кітапта түрік этногеографиясы, заманауи тұрмысы,  түрік диаспорасы және оның проблемалары, жалпы түрік мекемелері мен олардың интеграция процесіндегі ролі туралы айтылған.

Әзірбайжандық жазушының үшінші кітабында түріктердің мемлекеттілік тарихы, байырғы түрік елдері,  бүгінгі тәуелсіз түрік елдері орын алған.

Кітаптың төртінші томында түріктердің өзекті мәселелері, түрікшілдік идеологиясы мен сындардың аналитикасы орын алса,  бесінші кітапта түрік әлемінің ұлы тұлғалары туралы баяндалған.

Автордың 2013 жылы жарияланған «Түрік мемлекеттер одағы; жаһандық интеграцияның Еуразиялық үлгісі» атты кітабы түрік, қазақ, қырғыз, орыс және босния тілдеріне аударылды.



Ұқсас жаңалықтар