Бакуде жиналған мыңдаған адам Арменияны протест етті

Бакудегі Мехсул стадионында жиналған мыңдаған адам Таулы Қарабахтан шегінмеген Арменияны протест етілді.

1059313
Бакуде жиналған мыңдаған адам Арменияны протест етті
baku karabag mitingi2.jpg
baku karabag mitingi1.jpg

Баку қаласының Мехсул стадионындағы митингке «Таулы Қарабах комитеті» құрушысы азаматтық қоғам мекемелерінің мүшелеріне қоса мыңдаған адам қатысты.

Митинг Әзірбайжан ұлттық әнұранының шырқалуымен басталды. Шерушілер «Таулы Қарабахқа еркіндік», «Таулы Қарабах Әзірбайжан жері» деп ұрандар тастады.

Митинг алаңында Әзірбайжан байрағына қоса Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы байрақтары да желбіреді.

Митингте баяндамашылар Арменияның басып алған Таулы Қарабахтан шегінуін талап етті.

Таулы Қарабах мәселесінің шешім кезеңін жүргізген ЕҚЫҰ Минск тобы мен Арменияның басқыншы саясатына көз жұмған үлкен мемлекеттер сынға алынды.

Армения 1991 жылдан 1993 жылға дейін 1 миллион әзірбайжандықты елді-мекендерінен қоныс аударды. Қазір Таулы Қарабахқа қоса тағы 7 қала Армения басқыншылығында.

Әзірбайжанның басқыншылық астындағы жер көлемі 20 пайызды құрайды.



Ұқсас жаңалықтар