Өзбекстанда Халықаралық Ислам Академиясы ашылады

Президент Мирзиеев дін және діни білім беру салаларындағы жұмыстардың дамытылуы жөніндегі жарлыққа қол қойды.

953362
Өзбекстанда Халықаралық Ислам Академиясы ашылады

Президент Шавкат Мирзиеев дін және діни білім беру салаларындағы жұмыстардың дамытылуы жөніндегі жарлыққа қол қойды. Осы жарлыққа орай  елде Халықаралық Ислам Академиясы мен Хадис ілмі мектебі ашылады. «Имам Бухари» Мемлекеттік сыйлығы тағайындалады.

Президенттің жарлығында Ташкент Ислам Университеті құрамында Өзбекстан Халықаралық Ислам Академиясының қалыптастырылатыны білдірілді.  Академияда Құран Кәрім,  хадис, Ислам құқығы, дін философиясы, Ислам экономикасы мен қаржы, халықаралық қатынастар, араб, парсы,  ағылшын,  орыс,  урду және түрік тілдері оқытылады.

Хадис Ілмі мектебінде болса Құран мен хадис, хадис ілімінің жетілуіне үлес қосқан өзбек дін ғұламаларының мұрасы және хадис саласын зерттеушілердің оқытылуы көзделуде.

Аталмыш жарлық арқылы айырықша Өзбекстан Мұсылмандар дін басқармасы құрамында діни,  тарихи және сәулет ескерткіштерінің сақталуы мен реставрациясы, мешіт пен діни оқу орындары және осы оқу орындарындағы оқытушылар мен шәкірттерге қолдау көрсететін фонд құрылуына шешім берілді.

Сонымен бірге Ислам мәдениеті мен іліміне үлес қосқан ғұламалардың мұрасының зерттелуіне және әлемге таныстырылуына еңбегі сіңгендерді марапаттау мақсатты Имам Бухари сыйлығы беріледі. Дін істері комитеті жанында болса діни және әлеуметтік үрдістерді зерттейтін Информация анализ орталығы құрылады.



Ұқсас жаңалықтар