Өзбекстан туризмнен жылына 15 миллиард доллар табыс таба алады

Түркиядан міндеттендірілген Бадак Өзбекстанның туризм әлеуетімен танысты.

944399
Өзбекстан туризмнен жылына 15 миллиард доллар табыс таба алады

Өзбекстанның туризмді дамыту мемлекеттік комитетінің төрағасының кеңесшісі Садык Бадак Өзбекстанның туризмнен жылына 15 миллиард доллар табыс табу әлеуеті бар екенін айтты.

Бадак Өзбекстан 24 телеарнасына мәлімдеме жасады.  Өзбекстанда туризмнің жетілдірілуінің жылдың барлық маусымында мүмкін екенін және елдің туризм инфрақұрылымының жақсартылуы керектігін айтты.

Бадак елдің көптеген аймақтарын аралап,  туризм саласындағы инфрақұрылымды тексерді. Сапарында елдегі туризм әлеуетінің толық қолданылмағанын байқады.

Бадак Өзбекстанның Ресей, Үндістан,  Малайзия, Индонезия,  Қытай, Жапония,  Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы,  Иран және Түркия секілді елдердің азаматтары үшін үздік туризм бағыты болу мүмкіндігі бар екенін тілге тиек етті.

«15 миллион турист келетін болса,  Өзбекстанның туризмнен жылына 15 миллиард доллар табыс табу әлеуеті бар» деді ол.

Анталия депутаты Садык Бадак Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Түркия сапарынан кейін Туризмді жетілдіру мемлекеттік комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимовтың кеңесшісі ретінде тағайындалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар