Түркия мен Өзбекстан арасында жаңа рейстер болады

Екі ел арасындағы арасындағы әуе қатынас келісімі жаңартылды.

930515
Түркия мен Өзбекстан арасында жаңа рейстер болады

Түркия мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынас келісімі жаңа бағыт және рейстер де қамтитындай түрде жаңартылды.

Азаматтық авиация бас дирекциясының хабарламасына қарағанда,  Түркия мен Өзбекстан азаматтық авиация өкілдері Стамбулда бас қосып, жаңа хаттамаға қол қойды.

Бас директоры орынбасары Бахри Кесиджи мен Өзбекстан Азаматтық авиация басқармасы директорының орынбасары Олег Лим басшылығындағы делегациялар арасында жүргізілген кездесуде әуежолдарындағы фреканс және бағыт проблемалары, техникалық ынтымақтастық тақырыптары талқыланды.

Соңғы хаттамаға қарағанда,  Түрік-Ислам тарихының маңызды қалаларының бірі Самарқанд үшін рейс саны үшке көтерілді.

Айырықша Бұқара, Үргенч және Каршы бағыттарына аптасына екі фреканс рейстері қосылды.

Анкара,  Анталия және Измирден Өзбекстанға жаңа рейстер үшін де алдын ала келісілді.



Ұқсас жаңалықтар