Астанада ортақ декларация қабылданады

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрі Әдбірахманов мәлім етті.

924646
Астанада ортақ декларация қабылданады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркия, Ресей және Иран министрлерінің 16 наурызда ортақ декларация қабылдауды жоспарлағандарын білдірді.

Қазақстан парламентінде сөз сөйлеген Әбдірахманов Түркия Республикасы Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зарифтің Астанадағы кездесуде ортақ декларация қабылдайтынын атап көрсетті.

«Кепілгер елдер – Түркия,  Ресей және Иранның сыртқы істер министрлері ортақ декларация қабылдауды жоспарлап отыр.  Осы құжатта келесі Астана бас қосуының күні  секілді,  Астана процесін ынталандыруға бағытталған жайттарға да орын беріледі» деді ол.

Лавров,  Чавушоғлу және Зарифтің Астана кездесуінен үмітті екендерін білдірген Әбдірахманов министрлердің Шығыс Гутадағы трагедиялық оқиғалар аясында Астанадағы жұмысты жалғастырудың әдістерін іздейтіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар