Аязда жұма намазы

Астанада жамағат қақаған аязға қарамастан, мешіттерді толтырады.

918628
Аязда жұма намазы

Қазақстанның бас қаласы Астанадағы мешіттер қыс маусымында -30 градустан асатын салқынға қарамастан жұма күндері адамға толады.

Қақаған аяз 6 ай жалғасатын осы қалада мешіттерге сыймаған жамағат жұма намаздарын сыртта қылады. Қанша салқын болса да,  мұсылмандар бұл жағдайға шағымданбайды.

Астана – Ұлан-Батырдан кейінгі әлемнің ең салқын бас қаласы.

Қалада қазір 8 мешіт мұсылмандарға қызмет етеді. Руханиятқа көңіл бөлетін қазақтар,  Түркия, Үндістан және Пәкістан секілді Ислам жағрапиясынан Астанаға жұмыс істеуге келген мұсылмандар жұма күндері мешіттерді толтырады.

Жұма намазына ерте келгендер мешіттің ішінен орын табады,  ал орын қалмағандар мешіттің ауласы мен төңірегінде қылады.

Пәкістан және Үндістан секілді ыстық елдерден келген мұсылмандар аздап тоңса да,  Аллаға құлшылық қылғандары үшін шүкір етеді.



Ұқсас жаңалықтар