Елбасы АҚШ-тың беделді компания басшыларымен кездесті

Қазақстан президенті «Nasdaq» компаниясы, «Goldman Sachs» банк және «Exxon Mobil» компаниясының басшыларымен кездесті.

891132
Елбасы АҚШ-тың беделді компания басшыларымен кездесті

АҚШ-қа ресми сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркта «Nasdaq» компаниясы, «Goldman Sachs» банк және «Exxon Mobil» компаниясының басшыларымен кездесті.

Бірінші кездесуді «Nasdaq» компаниясының президенті Адина Фридманмен өткізген Назарбаев компанияның Қазақстанда жұмыс істеу шешіміне риза болғанын білдірді. Соңғы жылдары ел атазаңынан бастап,  түрлі заңдарға өзгеріс енгізілгенін білдірген елбасы «Қазақстанда инвестиция салатын барша үшін қолайлы климат дайындаудамыз» деді.

Қазақстан президенті «Nasdaq» компаниясының Қазақстанмен жұмыс істеу шешімінің басқа да шетелдік компаниялардың елге келуіне септігін тигізетінін айтты.

Фридман «Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі жоспарларға өте тәнті болдық. Қаржы орталығының жұмысына қатысты барлық мәселенің жан-жақты қарастырылғанын атап өткіміз келеді. Бұл жұмыстың тыңғылықты атқарылғанына ризамыз» деді.

Назарбаев Фридманды Астана қаржы орталығының биыл шілде айында өткізілетін ашылу салтанатына шақырды.

Артынан президент Нұрсұлтан Назарбаев «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен Қазақстанда инвестиция мүмкіндіктері,  «ExxonMobil» компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудспен де Теңгіз және Қашағандағы жобалар жөнінде сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар