Өзбекстан мен Қазақстан арасында автобус қатынады

Өзбекстан мен Қазақстан арасында 20 жылдан кейін қайтадан автобус қатынады.

882491
Өзбекстан мен Қазақстан арасында автобус қатынады

Өзбекстан мен Қазақстан арасында 20 жылдан кейін қайтадан автобус қатынады.

Өзбекстан автомобиль және су көлігі басқармасы автобус рейстерінің Ташкент пен Қазақстанның Шымкент қаласы арасында болатынын білдірді.

Осылайшы Ташкент-Шымкент-Ташкент бағыты бойынша тікелей халықаралық автобус қызметі ашылды. Автобустар мен жолаушылар шекарадан «Гишт Куприк» (Өзбекстан) және «Жібек Жолы» (Қазақстан) тексеру және өткізу пунктерінен өтеді. Бағыттың жалпы ұзындығы-145,2 км, жол жүру уақыты-3 сағат.

Еске сала кетейік, өткен жылдың жазында Самарқанд-Ташкент-Астана бағытында халықаралық жүрдек пойыз іске қосылған еді.

Сондай-ақ, Алматы-Ташкент темір жол бағыты ашылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар