Дін істері басқармасының төрағасы Проф. Али Ербаш Әзірбайжанда

Ербаш халықаралық конференцияға қатысты.

873245
Дін істері басқармасының төрағасы Проф. Али Ербаш Әзірбайжанда

«2017: Ислам ұйымшылдығы жылы: Діндер мен өркениеттер арасындағы диалог» атты конференцияға қатысқан Ербашты Әзірбайжан президенті Илхам Алиев қабылдады.

Әзірбайжан Президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда, Алиев Ербашты Дін істері басқармасы төрағасы міндетіне тағайындалуымен құттықтады.

Бакуде өткен «2017: Ислам ұйымшылдығы жылы: Діндер мен өркениеттер арасындағы диалог» атты конференцияға Түркияның жоғары деңгейде қатысуының маңызды екенін атап көрсеткен президент Алиев биыл Түркияға үш рет барғанын,  мұның да достық пен бауырластықтың көрсеткіші екенін айтты.

Дін істері басқармасы төрағасы Ербаш те Алиевке президент Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Бинали Йылдырымның сәлемін жеткізді. Ербаш «2017: Ислам ұйымшылдығы жылы: Діндер мен өркениеттер арасындағы диалог» атты халықаралық конференцияның елдер, халықтар және діндер арасындағы жақындасуға үлес қосатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар