Әзірбайжан президенті Лавровты қабылдады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми байланыстары аясында барған Әзірбайжанда президент Илхам Алиев тарапынан қабылданды.

850833
Әзірбайжан президенті Лавровты қабылдады

Әзірбайжан президенттік аппараты жасаған мәлімдемеге қарағанда Алиев Әзірбайжан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық деңгейінің қуантатын жағдайда екенін атап көрсетті.

Ынтымақтастық мүмкіншіліктерінің келешекте одан да күшейетініне сенгенін атап көрсеткен Алиев биыл сауда көлемі мен екі жақты инвестицияның өскенін, қатынас және энергия салаларында белсенді жұмыс істегендерін атап айтты.

Армения-Әзірбайжан қақтығысы және Таулы Қарабах мәселесінің шешім кезеңінің қолға алынатынын білдірген Алиев «Әзірбайжан бұл мәселенің қысқа уақытта шешімін күтеді» деді.

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров болса Ресей мен Әзірбайжан арасындағы сауда көлемінің биылдың алғашқы 9 айында 60 пайыз өскенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар