Проф. Наби Авджыға ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалі табыс етілді

«Түрік әлемінің мәдени интеграциясында медиа мен коммуникацияның ролі» атты конференция Түріксой штаб-пәтерінде болып өтті.

833394
Проф. Наби Авджыға ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалі табыс етілді
Türksoy_Avcı
Türksoy_Kazakistan_Kasseinov
Türksoy_Avcı

Бүгін Анкара қаласында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм, Білім беру министрлігі қызметтерін атқарған, ағартушы Проф. Наби Авджыға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалі табыс етілді.

Наби Авджыға медаль табыстау және «Түрік әлемінің мәдени интеграциясында медиа мен коммуникацияның ролі» атты конференция Түркияның бас қаласы Анкарада орналасқан Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой штаб-пәтерінде болып өтті.

Салтанатты жиынға Түріксой бас хатшысы Проф. Дүйсен Қасейінов,  Қазақстан Республикасының Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы, қоғам қайраткерлері,  студенттер мен баспасөз өкілдері қатысты.

Жиынның беташар баяндамасын оқыған Түріксой бас хаишысы Дүйсен Қасейінов Проф. Наби Авджының Түріксоймен байланысы,  Түрік әлеміндегі ролі жөнінде кеңінен түсіндіріп берді. 

Сөз кезегін алған Түркиядағы Қазақстан өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы да түрік әлеміне еңбегі сіңген, түркі әлемінің басын қосуға тырысқан қайраткерлерді мадақтау мақсатымен бас қосқандарын айтып,  «Түрік республикалары тәуелсіздіктеріне оңай қол жеткізген жоқ.  Талай қиын кезеңдерден өтті. Осы үрдісте Түркия Республикасы әрқашан бауырларына көмектесіп,  қолдауын аямады» деді.

«Проф. Наби Авджы Түріксойдың халықаралық аренада танымал болуына, жоғары орында орын алуына үлес қосты. Түрлі салада бауырлас елдердің ынтымақтастығы үшін, түрік әлемі үшін қызметі жоғары,  қызмет етуін әлі де жалғастырып келеді» деген өкілетті елші Наби Авджының аталмыш мапаратқа лайықты екенін атап көрсетті.

Өкілетті елші артынан Түркия Республикасы мемлекеттік қайраткері Наби Авджыға Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен бекітілген Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған медалі табыс етті.

Мәдениет және туризм,  Білім беру министрлік қызметтерін атқарған Наби Авджы артынан марапат үшін Қазақстан Республикасы Нұрсұлтан Назарбаев, медальді табыстаған өкілетті елші Абзал Сапарбекұлы және Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке алғыс білдірді.

 Марапат рәсімінен кейін «Түрік әлемінің мәдени интеграциясында медиа мен коммуникацияның ролі» атты конференция басталды.

Наби Авджы түрік әлеміндегі интеграцияда үкіметтік емес ұйымдарға көп салмақ түсетінін айтты. «Мемлекеттік органдар, ұйымдар барынша жол ашып, ал мазмұндағы негізгі жауапкершілік үкіметтік емес ұйымдар мен халыққа берілсе, өте берекетті нәтиже алынады» деді ол.

Наби Авджы сөзін «Медиада ықпалдасу желісін бірге жүзеге асыру қажет. Ресми ақпарат агенттіктері өз араларында ынтымақтастық келісімдерін жасасты. Біз енді жеке меншік сектордағы ақпарат органдары, медиа органдарына бас бостыратын іргетас қалауымыз керек. Сонымен бірге түрік әлеміндегі журналистика факультеттері,  осы факульттет студенттері,  оқытушы мен түлектері де бір-бірімен ынтымақтасып, хабардар болуы керек» деп жалғастырды.

Сөзінің аяғында «Бізге бізді жақсырақ таныстыратын еңбектерге мұқтаждығымыз бар» деген Авджы баяндамасын «Мысалы ЮНЕСКО құрамындағы Ұлттық комитеттеріміз бірге қозғалуда. Бұл бізді қатты қуантады. Ортақ жобаларды жүзеге асыру, еңбегімізден жақсы нәтиже алу үшін бұл өте маңызды.  Бірге қозғалғанда ғана ықпалды бола аламыз» деп аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар