Қазақстанда VII Халықаралық Түркология конгресі өтуде

Қазақстанның Түркістан қаласында VII Халықаралық Түркология конгресі ұйымдастырылды.

830950
Қазақстанда VII Халықаралық Түркология конгресі өтуде
Türkoloji Kongresi 2.jpg
Türkoloji Kongresi 3.jpg
Türkoloji Kongresi 4.jpg

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті тарапынан ұйымдастырылған «Жойылу қаупі бар түркі тілдері» тақырыпты VII Халықаралық Түркология конгресіне көптеген ғалым мен студенттер қатысты.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті ректор орынбасары Мұстафа Эрен конгресте жасаған баяндамасында тілдің адам болмысының себептерінің бірі екенін атап, «Біздер тілімізбен бармыз. Тіліміз қауіп астында болса, болмысымызға қауіп төніп тұр деген сөз» деді.

Башкент Университеті Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасы аға оқытушысы профессор Суэр Экер болса әлемде түрік тілдерінің жойыла бастағанына назар аударып, осылар арасында Қырым Қарай тілі мен Гагауз тілінің бар екенін атап көрсетті.

Аз ғана адам қолданған тілдің ұзақ өмір сүре алмайтынына назар аударған Экер тілдің жойылу қаупі себептерінің басында отбасылардың балаларына ана тілін үйретпеу екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар