Қазақстанда «Шамандар мен жора-рәсімдер» атты фотокөрме

Бейбітшілік пен келісім сарайында ашылған көрмеде түркі әлемінің көшпенді халықтарының ортақ мәдениеті салмақты орын алды.

826331
Қазақстанда «Шамандар мен жора-рәсімдер» атты фотокөрме

Астанада мажар этнографы, профессор Михай Хоппалдың зерттеуі бойынша «Шамандар мен жора-рәсімдер» атты фотокөрме ашылды.

Бейбітшілік пен келісім сарайында ашылған көрмеде түркі әлемінің көшпенді халықтарының ортақ мәдениеті салмақты орын алды.

Көрмені ашқан Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) төрағасы Дархан Қыдырәлі Түркітілде мемлекеттер парламенттер асамблеясына бақылаушы болған Мажарстанның Түркі академиясына да бақылаушы мәртебесін алғанын айтты. Түркологияның орталығы болып саналатын Мажарстанның Түркі академиясына мүше болуының үлкен табыс екенін тілге тиек еткен Дархан Қыдырәлі Мажарстанмен бірге түркологиядан да ауқымды Алтаистика жұмыстарын жылдамдатуды қалайтындарын айтты. «Мажарстаннан кейін академияға Моңғолстанның және басқа да елдердің мүшелігін күтеміз» деген Қыдырәлі Моңғолстанмен академия арасындағы қатынастардың жоғары деңгейге жетуіне үміттенетінін білдірді.

«Көрмеде Якут, Тыва, Алтай, Моңғол секілді Орталық Азия халықтарының және Мажарстанға жеткен бауырлас халықтардың мәдениетін көреміз» деген Қыдырәлі осындай көрмелердің халықтарды мәдени жағынан жақындастыра түсетінін атап көрсетті.  

Көрменің беташарына қатысқан Мажарстанның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Андраш Барани де Түркі кеңесі шеңберіндегі барлық ұйымдармен ынтымақтастыққа көңіл бөлетіндерін тілгі тиек етті.

«Тамырымыз бір болғандықтан түрік халықтарымен ынтымақтастық жетіледі деп сенеміз» деді ол.

 



Ұқсас жаңалықтар