Қазақстан алаңдаушылық білдіреді
Қайрат Әбдірахманов «Мьянмадағы Аракандық мұсылман қауымның жағдайына алаңдаймыз» деді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Мьянмадағы Аракандық мұсылман қауымның жағдайына алаңдаймыз» деді.
Сыртқы істер министрі Мьянманың Ракхайн (Аракан) уәлаятында мұсылмандарға бағытталған шабуылдарға үлкен алаңдаушылық білдіргендерін айтты.
Министр парламент ғимаратында журналистерге жасаған мәлімдемесінде «Мьянмадағы жағдайға қатысты айтқым келетіні, біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде 30 тамызда жабық түрде өткен кеңестерге белсенді түрде қатысты. Осыған байланысты біз үшін Ислам ынтымақтастығы сияқты ұйымдардың осы жағдайға барынша белсенді атсалысуы өте маңызды. Біз Мьянма билігін халықаралық құрылымдармен белсенді қызмет етуге шақырдық",
«Мьянмада мұсылмандармен болып жатқан жағдайға алаңдаушылық білдіреміз» деген Әбдірахманов Мьянмада исламофобияның жағымсыз үрдісін байқап отырғандарын және сонлықтан Ислам Ынтымақтастық Ұйымының осы проблеманың шешілуінде белсенді орын алып, елдегі Мьянма үкіметімен диалог ішінде болуын қалайтындарын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш Түркістанға барды
ТҰҰМ төрағасы «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» атты конференцияға қатысып, баяндама жасады.
Ердоған Ильхам Әлиевпен телефонда сөйлесті
Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.