Астана Мода фестивалі түрлі көріністерге сахна болды

Фестивальде 60-қа жуық бренд таныстырылды.

789279
Астана Мода фестивалі түрлі көріністерге сахна болды
Kazakistan_moda_kazakca

Қазақстанның бас қаласы Астанадағы дәстүрлі Астана Мода фестивалі түрлі көріністерге сахна болды.

«Mega Silk Way» сауда орталығында болған фестивальде киім,  әшекей және косметикалық өнімдер сынды 60-қа жуық бренд таныстырылды.

Фестивальдің ұйымдастырушыларының бірі Анна Мост жыл сайын ұйымдастырылатын фестивальдің мақсатының Қазақстан брендтеріне қолдау беру екенін айтты. Қазақстанда ұлттық нақыштағы киімдер мен отандық өнімдерге ықылас артқанына назар аударған Мост «Бара-бара фестивальге қатысқан қазақ брендтерінің саны артты» деді.

Оның айтуынша қазақ брендтері сапа жағынан шетелдіктермен бәсекелесе алатын күшке ие.  «Қазақ брендтері сапа тұрғысынан өзін дәлелдеді және адамдардың ықыласын аударуда» деді ол.

Қазақстанда әйелдер ұлттық нақыштағы киім, әшекей мен аксесуарларға көп көңіл бөледі.



Ұқсас жаңалықтар