"Қандастардың ана тілде білім алу мүмкіндіктерін қарастыру керек"

Президент Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында сөз сөйледі.

758742
"Қандастардың ана тілде білім алу мүмкіндіктерін қарастыру керек"

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы барысында үкіметтің  шетелдегі қазақтар ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керектігін айтты.

Президент Назарбаев Тәуелсіздік сарайында басталған Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында сөйлеген сөзінде «Рухани жаңғыру: Болашаққа жол» атты мақаласында латын әліппесіне өту,  100 оқулықтың аударылуы,  туған жері көш жобасы,  Қазақстанның қасиетті мекені,  жаһандық әлемде заманауи Қазақстанның мәдениеті сынды тақырыптарға орын берілгенін білдірді.

Шетелдердегі қандастарға қолдау берудің маңызын атап көрсеткен Назарбаев «Қандастар фонды» қалыптастырылуы керектігін айтты.

Мемлекет басшысы сонымен бірге шетелдегі қазақ жастары үшін Қазақстанда білім алу квотасын екі есе арттыру үшін нұсқау берді.

Президент сонымен бірге шетелдегі қазақтардың Қазақстанмен байланыстарының нығайтылуы керектігін айтып: «Қайда жүрсеңіздер де Қазақстан әрқашан жүрегіңізде болсын. Қазақстан – баршамыздың тарихи мекені» деді.

Құрылтайға Түркиядан қатысқан Мимар Синан Көркем Университетінің оқытушысы Проф. Әбдіуақап Қара құрылтайдың 40-қа тарта елде өмір сүретін қазақтардың Қазақстанмен жақындасуына үлкен ықпал жасайтынын айтты.

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына 39 елден 800-ге тарта қазақ қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар