«Ясауи» өнер тобы Манисада концерт берді

"Ясауи" өнер тобы өнерімен тәнті етті.

751479
«Ясауи» өнер тобы Манисада концерт берді
Yesevi_sanat_toplulugu_Kazakistan_Manisa_kazakca.jpg
Yesevi_sanat_toplulugu_Kazakistan_Manisa_kazakca2.jpg

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік Университеті жанындағы «Ясауи» өнер тобы Түркияның Маниса қаласында концерт берді.

Манисаның Юнус Эмре муниципалитетінің Рамазан айы шаралары аясында Ясауи өнер тобы түркі әлемінің әуендерін асқақтатты.

Түркияда білім алатын түркітілдес елдерден келген студенттерден тұратын «Ясауи» тобы түркі әлемінің бай мәдени  құндылықтарын таныстырып,  бауырлас елдер арасындағы көпірдің нығаюы үшін атсалысып келеді. Манисадағы концертте де өнер тобы түркі тілдеріндегі әндері және билерімен аудан тұрғындарын өздеріне тәнті етті.

Концерттен кейін Юнус Эмре муниципалитетінің төрағасы Мехмет Черчи «Ясауи» өнер тобының жетекшісі Елмира Шендуран ханымға алғыс айтып,  «Өнер тобы түркі әлемінің мәдениетін таныстырды.  Әуендерін шарықтатып,  билерін көрсетті. Еңбектері жана берсін» деді.

Осы өнер тобының құрушысы, әрі жетекшісі Елмира Шендуран да Юнус Эмре ауданына екінші рет қонақ болып келгендерін еске салып,  «Біз де енді Маниса қаласының азаматы болып есептелеміз. Қонақжайлығыңыз үшін рахмет» деді.



Ұқсас жаңалықтар