Жібек Жолы саяхаты басталды

Бұл жоба жөнінде Түрік кеңесі бас хатшысы мәлімдеді.

721722
Жібек Жолы саяхаты басталды

Тарихи «Жібек Жолы» мәдениет туризмі арқасында жанданады.  Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесі тарапынан тарихи Жібек Жолын мәдениет және сауда туризміне қосуға бағыттап дайындалған тур пакеті Түрік Кеңесінің орталық ғимаратында таныстырылды.

Түрік Кеңесінің бас хатшысы Рамиль Хасанов мәдениет туризмі тақырыбында балама дистанциялар іздегендер үшін арнайы пакет дайындағандарын,  жобаны жүзеге асыру үшін 3 жыл жұмыстанғандарын білдірді.  Хасанов Түрік Кеңесіне мүше елдер Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстанның жобаға мемлекет басшылары деңгейінде қолдау бергендерін,  3 жылдық саяси қолдау беретіндерін, мақсаттарының 1 миллион турист екенін атап айтты.

Жібек Жолына байланысты көптеген жобаның жүзеге асырылғанын еске салған Рамиль Хасанов былай деді: «Алайда туризм саласында 4 ел бірігіп отырған алғашқы жоба – осы. Біз Еуропадан және Қиыр Шығыс елдерінен мәдениет туризміне қызыққан туристерді күтеміз. Тур көңілді және мағыналы өтеді деп күтеміз»

Мәдениет және сауда туризмі мағынасында аталмыш аймақта үлкен кемшіліктер мен бос алаң бар екенін атап көрсеткен Хасанов Түркия Республикасы Премьер-министрлік Таныстыру фонды және Түрік Әуе жолдарының демеушілігімен жүзеге асатын жобаның бір тарихи тамырдан келетін бауырлас елдер арасында да көңіл көпірін құратынына сенетіндерін айтты.

Хасанов алдыңғы сатыда журналистер, саяхат агенттіктерінің өкілдері және зерттеушілерді сапарға шығаратындарын білдіріп: «Шақыруымыздың себебі – сындарын бізге айтып жеткізулері. Осы арқылы біз турға байланысты кедергілерді байқап,  жақсы қорытынды алып,  кемшіліктерді жөндеу үшін жұмыстанамыз» деді.

14 күн деп жоспарланған «Заманауи Жібек Жолы ортақ тур пакетінде» тарихи Жібек Жолы өткен қалалар маршрутқа алынады.  Тур Түркиядан Кайсери, Невшехир, Кония және Стамбул, Әзірбайжаннан Генже, Шеки, Шамахы мен Баку, Қазақстаннан Алматы,  Шымкент, Түркістан, Отырар және Талас, Қырғызстаннан Баласағұн, Нарын,  Чолпан-Ата, Ыстықкөл және Бішкек қалаларын қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар