Қазанда джаз концерті

«Каан Мете Трио» атты джаз группасы Қазанда концерт берді.

712787
Қазанда джаз концерті

Түріктің «Каан Мете Трио» атты джаз группасы Ресей Федерациясына қарасты Татарстан  Республикасының бас қаласы Қазанда концерт берді.

Али Кааан Мете, Айдын Балпынар және Озан Тунчтан тұратын трио Қазандағы Юнус Эмре институтының үлесімен Түркияның Қазандағы бас консулдығы ұйымдастырған концерт аясында Ак Барс залында сахнаға шықты,

Трио концертте түрік және орыс тілдерінде ән шырқады.

Али Каан Метер Қазанда концерт бергендеріне қуанышты екендерін айтып, «Осында келгеніміз қандай жақсы. Тамаша концерт болды. Стамбул немесе Қазан. Екеуі де менің үйім секілді. Өзімді осылай сезіндім» деді.

«Каан Мете Трио» Стамбулда 1998 жылы құрылды.



Ұқсас жаңалықтар