Форумға шақырады

Түркі академиясы халықаралық ұйымыІІ Гуманитарлық ғылымдар форумына қатысуға шақырады.

712029
Форумға шақырады

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) 2017 жылғы 26-шы мамыр күні Астанада өтеді деп жоспарланған ІІ Гуманитарлық ғылымдар форумына қатысуға шақырады.

Форум мақсаты: Адамзат өркениетінің дамуындағы Түркі әлемінің орны мен мәдени құндылықтарын талдап талқылау. Әлемде танымал мамандар арасында байланысты нығайту және пікір алмасу, жаһандық және аймақтық маңызға ие өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасау.

Форум жұмысының бағыттары:

·        Тарих, археология және этнография

·        Фольклор, әдебиет және өнер

·        Тіл және терминология

·        Әлеуметтану, саясаттану және экономика

Жұмыс тілдері: ағылшын, түрік, қазақ, орыс тілдері

Форумға қатысу сипаты:

- тікелей (жарияланым және баяндама жасау)

- сырттай (жарияланым)

Форумға қатысу үшін:·    

   2017 жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына қатысу сипаты көрсетілген тіркеу өтінімін жолдау қажет.

   2017 жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына қатысу сипаты көрсетілген тіркеу өтінімін, сондай-ақ баяндама тезистерін немесе жарияланым үшін мақала жіберу керек.

    Форумға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол, қонақ үй, тамақтану) қатысушылар есебінен.

E-mail: forum@twesco.org

Мәтін мен сурет академияның парақшасынан алынды. 



Ұқсас жаңалықтар