Назарбаев латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін әзірлеуді тапсырды

Қазақ басшы алғашқы сатыда латын және кириллицаның бірге қолданыла тұратынын айтты.

711767
Назарбаев латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін әзірлеуді тапсырды

Қазақстан Республикасының президенті латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін әзірлеуді тапсырды.

Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан мақаласында 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды жүктеді.

«2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу керек. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиісті» деді ол.

Қазақ басшы алғашқы сатыда латын және кириллицаның бірге қолданыла тұратынын айтты.

Кеңес Одағынан шыққан Әзірбайжан, Молдова, Түрікменстан және Өзбекстан латын әліппесін қолдана бастады.  Өзбекстан ресми түрде латын әліппесіне өтсе де,  кириллицаны да қолданып келеді. Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанда болса кириллица әлі күнге қолданылуда.



Ұқсас жаңалықтар