Түркия түлектерімен кездесті

YTB төраға орынбасары Юсуф Қырғызстанда болды.

702909
Түркия түлектерімен кездесті

Қырғызстанға барған Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар (YTB) басқармасы төрағасының орынбасары Юсуф Түркияда бітірген түлектермен бас қосты.

Қырғызстанға жұмыс сапармен барған Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқарма төрағасының орынбасары Саит Юсуф Түркиядағы университеттерді аяқтаған қырғыз жастары құрған Қырғызстан Егемендік қоғамы мүшелерімен кездесті.

YTB, Түркияның Бішкектегі өкілетті елшілігі және Қырғызстан Егемендік қоғамы Бішкекте бір шара ұйымдастырды. Өкілетті елші Метин Кылыч,  ТИКА Бішкек бағдарламасы координаторы Еврен Рутбил, атташелер мен кеңесшілер де қатысқан бағдарлама 15 шілде төңкеріс бастамасы кезінде қаза тапқан шейіттерді еске алумен басталды.

YTB төраға орынбасары Юсуф осында сөйлеген сөзінде Қырғызстанда Түркия түлектерінің қаншалықты ықпалды екенін көргенін айтты. Юсуф түркі әлеміндегі жастардың Түркияда оқуын көздеген жобаны бастағандар және осы жобаға еңбегі сіңгендерге алғыс айтып: «Олардың еңбегі және көрегендігі арқасында бүгін маңызды бастамаларды жүзеге асырып отырмыз» деді.

Юсуф Түркияның Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзірбайжанның дамуын және өркендеуін әрқашан армандап келгенін атап көрсетіп, «Болашақты бауырларымызбен бірге құрайық. Ертеңгі күнге бірге жылжыйық, бірлік болайық» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар