Әзірбайжан комедиясы Қазақстанда сахналанды

Мырза Фатали Ахундзаденің танымал комедиялық ойыны Қазақстанда сахналанды.

672386
Әзірбайжан комедиясы Қазақстанда сахналанды

Түрік әлемінің ұлы драматургы, Әзірбайжанның ұлттық театрының құрушысы,  атақты ойшыл,  жазушы және ағартушы Мырза Фатали Ахундзаденің танымал комедиялық ойыны Қазақстанда сахналанды.

Қазақстанның Н. Бекежанов атындағы Қызылорда мемлекеттік театрында саънасында сахналанған «Кетпейсің! Болды, кетпейсің…» атты комедияның

Тұсаукесеріне Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, әкім орынбасары Руслан Рүстемов, Қызылорда қалалық мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасының директоры Ержан Абдірахманов, Әзірбайжан өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Шеки Мемлекеттік драма театрының бас режиссері Мирбала Селимли де қатысты.

Түріксойдың қолдауымен жүзеге асқан спектакльде қазақ актерлер Ахундзаде драматургиясының әдісін шебер сахналады.

Дәстүрлі түрде өтетін Түріксой-ға мүше елдер театр басшылары кеңесінің жиналысында қабылданған шешім нәтижесінде елдер арасында театр саласындағы ынтымақтастық артып келеді.  2017 жылы осы туынды Әзірбайжандағы Қазақ Мәдениет күндері аясында Әзірбайжандық өнер сүйер қауымның назарына да ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар