Каспий жағалауы елдері Әзірбайжанның Баку қаласында жиналды

Жиналысқа Әзірбайжан сыртқы істер министрінің орынбасары басшылық жасайды.

658946
Каспий жағалауы елдері Әзірбайжанның Баку қаласында жиналды

Әзірбайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халеф Халефов басшылығындағы жиналысқа Ресей, Иран, Түрікменстан және Қазақстаннан лауазымдылар мен мамандар қатысты.

Халефов жиналыста айтқан сөзінде Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау үшін қазірге дейін аса маңызды жұмыстар атқарылғанын атап көрсетті.

Мемлекет басшыларының қатысуымен қазірге дейін Ашғабат, Тегеран, Баку және Астраханда 4 жиналыс өткізілгенін еске салған Халефов Баку және Астрахан жиналыстарында мемлекеттерге тиесілі аумақтық су айдыны мен Каспийдегі ынтымақтастық ережелерінің анықталғанын білдірді.

Халефов кейінгі саммит жиналысында нақты мәртебенің анықталатынын ойлағандарын атап, «Осы себепті жағалау елдердің Каспийден басқа теңіздер мен мұхиттарға еркін қосылу, әскери кемелердің басқа елдердің аумақтық суынан өту құқы, Кабель мен құбыр желілерінің төселуі, Каспийдің астының бөлшектелуі сияқты тақырыптар жайлы тез арада келісім шартты қамтамасыз ету керек» деді.

Жиналыстың кейінгі отырыстары жабық есік ретінде өтті.



Ұқсас жаңалықтар