Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Президенті   Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

653011
Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада «Қазақстан Президенті ұшақ апаты салдарынан Бішкек қаласының маңында көптеген адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады» делінген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының атынан және жеке өз атынан қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына, сондай-ақ қырғыз еліне көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар