Қырғызстанда атазаң өзгерісі үшін референдум өткізіледі

Қырғызстан Мәжілісі атазаңға өзгеріс енгізу үшін референдум өткізуге шешім қабылдады.

602688
Қырғызстанда атазаң өзгерісі үшін референдум өткізіледі

120 орындығы бар Мәжілісте 105 депутат қатысқан дауыс беруде атазаң өзгерісі үшін референдум өткізу шешімі 90 депутаттың қолдауымен қабылданды.

Мәжілістегі кейбір партиялар дайындаған атазаң заң жобасының 11 желтоқсан күні өткізілетін парламенттік сайлаумен бірге халыққа ұсынылуы күтіледі.

Атазаң өзгерісі енгізілген жағдайда, жергілікті әкімшіліктерге тағайындау және міндет жүктеу жауапкершілігі жергілікті мәжілістерден алынып, премьер-министрге өткізіледі.

Уақытша президенттік міндетін атқаратын тұлға президенттік сайлауда үміткер бола алмайды.

Атазаң референдумі қоғам тарапынан Алмазбек Атамбаевтың президенттік міндетінің артынан премьер-министрлік міндетіне қайта оралу дайындығы ретінде бағаланады.



Ұқсас жаңалықтар