Әзірбайжан-Армения жасақтары арасындағы операциялар тоқтатылды

Хабарламада сондай-ақ Әзірбайжан армиясының соңғы екі күнде 16 шәйіт бергені де атап көрсетілді.

465160
Әзірбайжан-Армения жасақтары арасындағы операциялар тоқтатылды

Әзірбайжан-Армения жасақтары арасындағы операциялар тоқтатылды.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі жергілікті уақытпен сағат 12-ден бастап Әзірбайжан мен Армения жасақтарының майдан желісіндегі операцияларын тоқтатқанын білдірді.

Сонымен бірге Әзірбайжан Қарулы күштерінің қолына түскен аймақтарда нығаю істерін жалғастырғаны да атап көрсетілді.

Ауыз жүзіндегі Қарабах Қорғаныс министрлігі Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабах қақтығыстарында атысты тоқтату шешімі берілгенін жариялап, Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі осы тақырыпта хабарсыз екендерін білдірген еді.

Атысты тоқтатудан бұрын Әзірбайжан жағынан жасалған соңғы хабарламада қақтығыста 70 армян әскерінің өлтірілгені, 5 армян танкының да жойылғаны білдірілген болатын.

Хабарламада сондай-ақ Әзірбайжан армиясының соңғы екі күнде 16 шәйіт бергені де атап көрсетілді.

Осы арада Әзірбайжан Пресс агенттігінің хабарына қарағанда армян күштері майдан желісі маңындағы елді мекендерге шабуылдауын бүгін де жалғастырды. Армян күштерінің оғынан Тертердің Хасанкая ауылында бір әзірбайжандық азамат мерт болды.



Ұқсас жаңалықтар