Мадагиз әскери орталығы жойылды
Әзірбайжан-Армения майдан желісіндегі соңғы қақтығыстарда 70-ке жуық армян әскері қаза тапты.
Әзірбайжан-Армения майдан желісіндегі соңғы қақтығыстарда 70-ке жуық армян әскері қаза тапты.
Майдан желісінде шығынға ұшыраған Армения армиясы Ходжавенд-Фузули және Агдере-Тертер бағытындағы елді мекендерді атқылауын жалғастыруда.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі осы бағытта жүргізілген қарсы операция және жауап атыстарымен стратегиялық маңыздағы Мадагиз әскери бақылау орталығының жойылғанын және аймақты бақылауға алғандарын хабарлады.
Армения-Әзірбайжан майдан желісіндегі қақтығыстарда 70 армян әскерінің өлтірілгені және армяндардың 5 танкының жойылғаны да білдірілді.
Мәлімдемеде Әзірбайжан армиясының соңғы екі күнде 16 шәйіт бергені де айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш Түркістанға барды
ТҰҰМ төрағасы «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» атты конференцияға қатысып, баяндама жасады.