Әзірбайжан жазғы сағат жүйесіне өтпейді

Әзірбайжанда 2016 жылы 27 наурыз күні жоспарланған жазғы сағат режимі іске қосылмайды.

452709
Әзірбайжан жазғы сағат жүйесіне өтпейді

Министрлер кеңесі қабылдаған шешімге қарағанда Әзірбайжанда 2016 жылы 27 наурыз күні жоспарланған жазғы сағат режимі іске қосылмайды.

Әзірбайжан Ұлттық ғылымдар академиясы атқару кеңесі елде жаз мен қыс сағаты режимін жоюды ұсынған болатын. Ұсыныста сағаттың өзгеруімен денсаулық сақтау мәселелерінде, ақпараттық технологиялардың халықаралық уақыт жүйесімен синхронды болуында кейбір қиыншылықтар туындағаны себеп ретінде көрсетілді.

Министрлер кеңесінің 1997 жылы қабылдаған шешімімен Әзірбайжан жыл сайын қазан айының соңғы жексенбі күні қыс, наурыз айының соңғы жексенбі күні болса жазғы сағат режимін іске қосатын.



Ұқсас жаңалықтар