Қазақстан басшысы көңіл айтып, жеделхат жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

450483
Қазақстан басшысы көңіл айтып, жеделхат жолдады

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бас қаласы Анкарадағы терактіге байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға, қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ барша Түркия халқына көңіл айтып жеделхат жолдады.

Қазақ баспасөзінің жазғанына қарағанда, жеделхатта қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілді.

«Еліңізбен көрші аймақтағы тұрақсыздық пен халықаралық терроризмнің өршуіне қарамастан, Түркия ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте табандылық танытатынына сенімдімін. Халықаралық терроризмнің тамырына балта шабу әлемдік қоғамдастық алдында тұрған ең өзекті міндет деп санаймын», – делінген жеделхатта.

Қазақстан басшысы Қазақстанның ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатеріне қарсы күресте бауырлас түрік халқын қолдайтынын атап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар