Венгр түркологтың кітабы түрік тілінде жарыққа шықты

Венгр түрколог Игнас Куностың кітабы түрік тілінде жарыққа шықты.

434405
Венгр түркологтың кітабы түрік тілінде жарыққа шықты

Венгр түрколог Игнас Куностың кітабы түрік тілінде жарыққа шықты.

Османлы Империясы кезінде жинақталған ертегілерден тұратын «44 түрік ертегісі» атты кітап аударылып, суреттерімен бірге түрік тілінде жарияланды.

Кітап Озан Мызрактың аудармасымен Тути кітап баспасынан шықты.

Тути кітап баспасының бас редакторы Муваффак Эрман Йылмаз 1913 жылы жарияланған кітаптың түпнұсқасының Америка Құрама Штаттарындағы Northwestern Университетінде екенін айтты.

«Бұл кітап ауыз әдебиетінің бөлінбес бөлшегі ертегілерді венгр түрколог Куностың Стамбулға келіп, жинақтауымен қалыптасқан. Сол кезде Анадолыдан көшіп келген азаматтардың үйлеріне барып, ауыздан ауызға тараған 44 ертегіні жазып алған. Туынды біз үшін өте маңызды» деді ол.

Кітапты түрік тілінде жариялау үшін мұқият жұмыстанғандарын білдірген Йылмаз туындыны дайындау барысында түпнұсқасына сай болуы үшін суреттерін де сол күйінде алғандарын айтты.

Венгр түрколог Игнас Кунос Болгарияда түріктер арасында өмір сүрген. Олардан түрік тілін үйренген. Османлы кезінде 1885 жылы Анадолыда болған. Венгрияға оралған түрік фольклорының маңызды өкілі болған.



Ұқсас жаңалықтар