ТҰҰМ төрағасы Йылмаз Солтүстік Кипр Түрік Республикасында

ТҰҰМ төрағасы Исмет Йылмаз 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мерекесі іс-шараларына қатысады.

382437
ТҰҰМ төрағасы Йылмаз Солтүстік Кипр Түрік Республикасында

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмет Йылмаз 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мерекесі іс-шараларына қатысу үшін кеше Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) барды.
Сапарының алғашқы күнінде байланыстар жасаған және іс-шараларға қатысқан Йылмаз Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) халқының әрқашан қасында екендерін атап айтты.
Исмет Йылмаз СКТР байланыстары аясында алдымен елбасы Мұстафа Акынджы тарапынан қабылданды.
Мәжіліс төрағасы Йылмаз Кипр түрік халқының ораза айтын құттықтап «Түрік халқының сүйіспеншілігін әкелдім» деді.
Келіссөз кезеңіне де тоқталған Йылмаз кезеңді тез арада аяқтап, шешімге қол жеткізілуін қалағанын атап көрсетті.
Йылмаз Солтүстік Кипр Түрік Республикасына бейбітшілік және еркіндікке барған осы жолда Түркияның әртүрлі қолдауын жалғастыратынын тағы бір рет қайталады.
Елбасы Акынджы болса Кипр мәселесінің ұзақ жылдардан бері шешіле алмағанын еске салды.
Мәжіліс төрағасы Йылмаз бағдарлама аясында Кипр Бұғаз шәйіттігі, Доктор Фазыл Күчүк және құрушы елбасы Рауф Денкташтың ескерткіш қабірлерінде ұйымдастырылған рәсімдерге қатысты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар