Кадір түні Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда тойланды

Қожа Ахмет Ясауи мешітінің тұңғыш Рамазан айы мен Қадір түні үшін Түркиядан да имамдар келді.

380293
Кадір түні Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда тойланды

Мұсылмандардың 11 айдың сұлтаны деп атағаны Рамазан айының мың түннен қайырлы Кадір түні Қазақстанның Түркістан қаласында тойланды.
Түркия Дін Істері қоры тарапынан Түркістан қаласында салынған Түркістан Қожа Ахмет Ясауи мешіті мен комплексі 2015 жылдың 17 сәуір күні президент Режеп Тайып Ердоған және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан ғибадатқа ашылды.
Қазақстан Дін істері басқармасына қарасты Түркістан мүфтилігі ұйымдастырған Кадір түні және Қожа Ахмет Ясауи Мәуліт бағдарламасы себепті жүздеген адам Түркістан Қожа Ахмет Ясауи мешітінде басқосты.
Түркістан Қожа Ахмет Ясауи мешітінің тұңғыш Рамазан айы мен Қадір түніне Түркиядан да көптеген адам қатысты.
Эйюп Сұлтан мешітінің бас имамы Метин Чакар мен Стамбұл Меджидийекөй орталық мешіті имамы Али Дерман да қатысқан бағдарламада азаматтар Алла Тағалаға құлшылықтарын орындады.

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті (ХҚТУ) өкілетті кеңес төрағасы профессор док. Муса Йылдыз бүкіл ислам әлемінің Қадір түні мен келе жатқан Ораза айтын құттықтады.
Йылдыз «Рамазан айын қасиетті қылатын мүбәрак Қадір түні. Осы рамазан айында да бұдан бұрынғы рамазандарда болғандай, барша Алламен қауышудың, бірлік пен ынтымақтастықтың ең керемет үлгісін ортаға қойды. Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында мұндай бір кеште Әзірет Ахмет Яссауидің құзыретінде болу біз үшін үлкен бақыт. Бұл іс-шараны ұйымдастырған Түркістан мүфтилігі мен еңбек сіңірген баршаны құттықтаймын. Айтты бірге қарсы алу тілегі мен мұсылман әлемінің айтын құттықтаймын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар