Еуроодақ Түрікмен табиғи газына толық қолдау берді

Еурокомиссия Энергия Одағы түрікмен табиғи газының Каспий арқылы тасымалдануына толық қолдау береді.

300171
Еуроодақ Түрікмен табиғи газына толық қолдау берді

Еурокомиссия Энергия Одағы төраға орынбасары Марос Сефсович түрікмен табиғи газының Каспий арқылы Еуропаға тасымалдануына толық қолдау бергендерін атап көрсетті.
Сефсович жасаған мәлімдемеде Әзірбайжан мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі қайраң мәселесінің түрікмен газының тасымалдануына бағытталған бір мәселе ретінде қабылданбайтынын, керісінше бұл жобаның аймақта пайда болған мәселелердің шешіміне үлес қосатынын атап көрсетті.
Түрікменстанда мамыр айының басында өткен Түркия-Түрікменстан-Еуроодақ-Әзірбайжан төрттігінің жиналысының ұқсас моделінің шілде айының басында Қазақстанның Астана қаласында жүзеге асқанын еске салған Сефсович «Әрі Түрікменстан, әрі Әзірбайжан тарапы түрікмен табиғи газының Еуропаға Каспий теңізінен Түркия арқылы тасымалдануы тақырыбында ашық түрде ортақ көзқараста екенін жеткізеді. Бұл ынтымақтастық аймақтағы атмосфераны одан болымды күйге айналдырады. Еуроодақ ретінде біз де бұл жаңалықтарға толық қолдау береміз» деді.
Сефсович Ресеймен ынтымақтастыққа да тоқталып, «Ресей үшін табиғи газ нарығын кеңейту қаншама маңызды болса Еуроодақ үшін де энергия резервтерін түрлендіру соншама маңызды осы тұрғыдан Ресеймен ынтымақтастығымыз жақсы және ашық түрде жалғасады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар