Стамбул декларациясы жарияланды

Дүниежүзілік Түркі форумының қорытынды декларациясы жарияланды.

255057
Стамбул декларациясы жарияланды

Биыл Чанаккале шәйіттерінің әзіз рухына арналған 4-ші Дүниежүзілік Түркі форумы 23-25 сәуір күндері Стамбулда болып өтті.
Түрік-Азия Стратегиялық зерттеулер орталығы ТАСАМ тарапынан ұйымдастырылған форум «Қоғамдық дипломатия, медиа және ақпарат» тақырыбында өтті. Жиналысқа тәуелсіз түркі мемлекеттерінен және түрік диаспоралары бар шамамен 60 елден қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сенаторлар, ғалымдар, Түркия және қатысушы елдерден парламент мүшелері, министрлер қатысты. Сонымен бірге форумда бұрынғы президент және премьер-министрлер, Түркі кеңесі бас хатшылығы, ТүрікПа бас хатшылығы, Түріксой бас хатшылығы, Премьер-министрлік шетелдегі түріктер мен ағайын қауымдастықтар басқармасы өкілдері мен медиа өкілдері де орын алды.
23 сәуір күні форум Ақылдастар кеңесінің үшінші жиналысымен бастау алды. 24 сәуір күні болса 2-ші Түркі әлемі «Қызыл Алма» сыйлықтары табыс етілді.
Осы аяда «Қоғамдық дипломатия, медиа, ақпарат», «Түркі әлемі және диаспоралары үшін жаңа перспективалар», «Жергілікті әкімшіліктер», «Университеттер және академия» сынды тақырыптарда отырыстар өткізіліп, көзқарастар алмасылды.
Екі күндік форумның аяғында Стамбул декларациясы жарияланды. Декларацияға қарағанда, 1915 жылғы оқиғалар секілді маңызды тақырыптарда түркі әлемінің мүддесін қорғауда тек ресми каналдар жеткілікті емес. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдардың және диаспоралардың саналы түрде жұмыс атқаруы үшін қажетті платформа дайындалуы керек.
Декларацияда «Анадолы, Кавказ, Кипр, Ирак, Шығыс Түркістан сынды аймақтарда түріктерге қарсы жүргізілген қырғындар жөнінде зерттеулер жасалып, осы тақырыпта энциклопедия жазылуы керек» деп айтылды.
Стамбул декларациясында сонымен бірге Чанаккале шайқасында шәйіт болған түркі бауырлас халықтары үшін Түркі әлемі ескерткіші тұрғызылып, осы ескерткішке өзі де осы шайқаста соғысқан Ахмет Джевадтың туындысынан өлең жолдарының жазылуы да ұсыныс ретінде орын алды.
Декларацияға енген шешімдер арасында ортақ түркі тарихына байланысты кітаптардың басылуы, ортақ проблемаларды арқау еткен көркем фильмдер, деректі фильм, теледидар бағдарламалары жүзеге асырылуы орын алды.
Сонымен бірге түркі әлемі үшін «интеллектуалды дата банк» қалыптастырылуы, осы банкте түркі тілдеріндегі туындылардың аудармалары мен маңызды тақырыптарының орын алуы ұсыныс етілді. «Осы дата банктың қалыптастырылуы үшін Халықаралық Түркі академиясы бастама көтеруі керек» деп айтылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар