"Қызыл Алма" сыйлықтары берілді

Иманғали Тасмағамбетов "Қызыл Алма" сыйлығына ие болды.

249268
"Қызыл Алма" сыйлықтары берілді


Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан 4. Дүниежүзілік түркі форумы аясында "Қызыл Алма" сыйлықтары берілді.
Биыл екінші мәрте берілген сыйлықтар ғылым, мәдениет, өнер, қоғамдық дипломатия, стратегия, бизнесс, бизнесмен, мемлекет қайраткері, спорт аталымдарында тағайындалды.
Қызыл Алма Стратегия сыйлығына Қазақстанның танымал саясат қайраткері, Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетов, Қызыл Алма Қоғамдық дипломатия сыйлығына Түркі әлемі сәулет және инженерлер одағы және Халықаралық Қазақ-түрік Қожа Ахмет Ясауи Университеті (Қазақстан), Қызыл Алма Бизнесс сыйлығына Али Тоторкулов (Ресей), Қызыл Алма Өнер сыйлығына Арсланбек Сұлтанбеков (Ресей) пен Азерин (Әзірбайжан), Қызыл Алма Спорт сыйлығына Дүниежүзілік Көшпенді халықтар ойындары қоры (Қырғызстан), Қызыл Алма Бизнесмен сыйлығына Зиятдин Хасанов (Ресей), Қызыл Алма Мәдениет сыйлығына Мұстафа Исен (Түркия), Нур Давутов, Қызыл Алма Ғылым сыйлығына Түркі әлемі Зерттеулер қоры төрағасы, марқұм Туран Язган (Түркия), Виктор Бутанаев (Хакасия), Халықаралық Түркі академиясы, "Тоқтоғул" кітабын дайындаушылар, Қызыл Алма Мемлекет қайраткері сыйлығына СКТР-ның марқұм президенті Рауф Денкташ пен Түркияның қазіргі вице-премьері Бүлент Арынч лайықты деп табылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар